Регистрация Вход
Казак тiлi 5 - 9 классы Maakakev
Решено

ЭССЕ по казахскому языку на тему нужно ли знать в наше время три языкаСРОЧНО!!100 слов или меньше

77
ОТВЕТЫ
Үш тілді білу қажет пе
Менің бұл туралы ойым басқалармен сәйкес келмейді. Менің пікірім көп тіл білген өте жақсы. Дегенмен біз білімді адам болу үшін үш тіл өте қажет дегенмен келіспеймін. Себебі, бізден бұрынғы ұрпақ негізгі білімді алғаннан соң, әрі қарай өздеріне қажет жолды таңдады, жоғарғы жетістіктерге қол жеткізді. Үш тілді толық меңгереміз,- деп жүргенде біреуін де жақсы деңгейде меңгере алмай қаламыз ба, - деп қорқамын. Мысалы "Қазақ тілі, қазақ тілі" деп қанша жар салсақ та оны жүз пайызға үйренген адам өте аз. Бұл тек ұран болып қалды, өз деңгейіне жетпеді. Маған салса ана тіліңмен, ресми тілді толық меңгеріп, қалған тілді өз қалауың білсін,- дер едім. Міндетті түрде үш тілділікке көш, онан соң латын әрпін үйрен, бұның бәрін меңгеру мектеп оқушысына өте қиын.
88
Отв. дан
Для написания вопросов и ответов необходимо зарегистрироваться на сайте