Регистрация Вход
Казак тiлi 8-9 класс Nazar

Ответы:

1-тапсырма

Нысанбай жыраудың «Кенесары -Наурызбай» шығармасындағы Кенесары мен Наурызбайдың бойындағы қасиеттерді анықтаңыз, шығармадан мысалдар келтіріңіз.

Кенесары бейнесі

- Кейіпкер бойындағы қаспеттер

- Шығармадан мысал келтіріңіз

Наурызбай бейнесі

- Кейіпкер бойындағы қаспеттер

- Шығармадан мысал келтіріңіз

Кенесары- қолбасшы, өз елін ойлаған ер, батыр, ештеңеден қорықпайды, елі үшін басын бәйгеге тіге алады.

Наурызбай- Кенесарының інісі, Кенесарының бас батыры, қатігез, ешкімді аямайтын адам, өз елінің батыры.

Қазақтардың жеңілген себебі - Кенесары қолында алауыздық туады, барымтаны олжалауға таласады.

Батырдың қадіріне жеткен Кәрібоз манап Наурызбайға зор құрмет көрсетеді. Әнші, ақындарды шақырып, ойын-сауық құрады. Батырдың көңілін көтермекке небір сұлу, мың бұралған көркем қыздар да келеді. Бірақ Наурызбайлың қабағы ашылмайды,нәр татпайды,ойын-күлкіге мойын бұрмайды. Хан Кене мен бауыры Ержанды ойлап күннен күнге сола береді. Ақыр соңында Кәрібоздың амалы таусылып:

– Наурызбай,енді азатсың,еліңе қайта ғой,деп рұқсат береді. Алайда Наурызбай «хан Кенесіз жалғыз өзім қайда барамын» деп бас тартады.Кейін Кәрібоз манап Кенесары ның қазасын естірткеннен соң көп ұзамай Наурызбайдың өзі де құсадан қайтыс болады.

«Кенесары өліп, Наурызбай қашып кетіпті деген сөз өлімнен ары маған.Ол жаман атақ. Менің ол абыроймен тірі болып үйге барғанымнан өлгенім артық. Жиырма беске толғаным жоқ, жүз жасаған кісінің сүретұғын дәуренін сүрдім. Бұл жалғанда менің арманым жоқ»,дейді. Өлтіруге көзі қимай Тілеуқабыл Наурызбайды үш ай тоқсан күн сақтапты... Ақырында Тілеу қабыл бір жаққа кеткенде соғыста жақындары өлген қырғыздар есебін тауып Наурызбайды өлтіріп тастапты.

Соңында жаумен жалғыз алысып жүрген Наурызбайды көріп, қырғыздар жағы «бұл кім болды екен», деп қалады.Осы тұста «Кенесары өлеңіндегі» Наурызбай мен Тағайдың диалогынан үзінді алынған. Шәді ақын жырды: «Сол барғаннан төрелер, Елге қайтып келмеген, Қырғызда қапты тұтқын боп, Неткенін ешкім білмеген», деп аяқтайды.

2
Отв. дан Savage
Для написания вопросов и ответов необходимо зарегистрироваться на сайте